Қазақстандық велошабандоз Никита Стальнов «Tour of North Cyprus» жарысында жеңіске жетті
Солтүстік Кипрда «Tour of North Cyprus» халықаралық жарысы аяқталды. Велобәйгеге Қазақстанның Ұлттық құрамасы және құрлықтық «Astana City» командасы қатысты.
Қазақстандық велошабандоздар жарыстың 1-ші кезеңнен бастап жеңіс тұғырынан көрінді. Ұлттық құрама сапында бақ сынайтын Никита Стальнов жеңімпаз атанса, «Astana City» командасының мүшесі Матвей Никитин 3-ші келді. Осылайша Н.Стальнов негізгі классификацияда көш бастады.
Ал, «Tour of North Cyprus» сайысының 3-ші кезеңінде еліміздің спортшылары көшбасшының позициясын қорғауға атсалысты. «Astana City» командасында бақ сынайтын Павел Гацкий бұл кезеңде 2-ші орын иеленді.
Осылайша, Никита Стальнов жарыстың «сары» жейдесін сақтап қалып, «Tour of North Cyprus» халықаралық додасында жеңіске жетті. Тағы бір отандасымыз Матвей Никитин («Astana City») негізгі классификацияда 3-ші орын иеленді.
Фото: Қазақстанның велоспорт федерациясы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ливерпуль» - «Атлетико»: Тікелей эфир!
09.09.2026, 16:30
«Барселона» - «Фейеноорд»: Тікелей эфир!
09.09.2026, 16:00
Қазақстандық жасөспірімдер триатлоннан әлемдік серияның финалына қатысады
09.09.2026, 13:15
Дэвис кубогі: Қазақстанның Таиландқа қарсы ойнайтын құрамы белгілі болды
09.09.2026, 11:00
«Реал Мадрид» - «Интер»: Тікелей эфир!
08.09.2026, 17:10
«Брюгге» - «Астон Вилла»: Тікелей эфир!
08.09.2026, 17:00
Астанада алғаш рет жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді
08.09.2026, 13:30
Елена Рыбакина US Open турнирінде ширек финалға жолдама алды
08.09.2026, 09:45