«Қазақстан» мен «KAZsport» халықаралық «Тур Алматы-2015» велобәйгесін тікелей эфирде көрсетеді
4 қазанда Алматыда халықаралық «Тур Алматы-2015» велобәйгесі өтеді.
Жарысқа Еуропа мен Азиядан (барлығы 17 мемлекет) 20 команда қатысады. Олардың арасында «PRO Team Astana» мен «Katusha» (Ресей) сияқты кәсіби, «Rusvelo» сияқты құрлықтық 14 велокомандалары бар. Сонымен қатар, Қазақстан, Өзбекстан мен Моңғолияның Ұлттық құрамалары бақ сынайды.
«Тур Алматы-2015» сайысының барлық қатысушылары 31 шақырымдық шеңберді 6 рет айналады. Осылайша Алматының жолдарында өтетін критериум жарысының жалпы ұзындығы 186 шақырым болмақ.
Ал, көрермендер мен жанкүйерлер велобәйгені «Қазақстан» мен «KAZsport» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады. Көрсетілім 4 қазан күні сағат таңғы 08:30-да «KAZsport» арнасында басталады. Ал, Астана уақыты бойынша сағат 12:55-те жарысты «Қазақстан» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Сайысты биыл да ресейлік белгілі журналист, «Eurosport» телеарнасының комментаторы Сергей Курдюков жүргізеді.
«Тур Алматы-2015» аясында жанкүйерлерге шоу-бағдарлама ұйымдастырылып, әртүрлі байқаулар өткізіледі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ливерпуль» - «Атлетико»: Тікелей эфир!
09.09.2026, 16:30
«Барселона» - «Фейеноорд»: Тікелей эфир!
09.09.2026, 16:00
Қазақстандық жасөспірімдер триатлоннан әлемдік серияның финалына қатысады
09.09.2026, 13:15
Дэвис кубогі: Қазақстанның Таиландқа қарсы ойнайтын құрамы белгілі болды
09.09.2026, 11:00
«Реал Мадрид» - «Интер»: Тікелей эфир!
08.09.2026, 17:10
«Брюгге» - «Астон Вилла»: Тікелей эфир!
08.09.2026, 17:00
Астанада алғаш рет жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді
08.09.2026, 13:30
Елена Рыбакина US Open турнирінде ширек финалға жолдама алды
08.09.2026, 09:45