Даниялық велоспортшы Якоб Фульсанг «Астана» командасымен 2 жылдық келісімшартқа қол қойды
«Маған «Астана» командасында барлық жағдай жасалған, және осы командада карьерамды жалғастырғым келеді. Менің көмегім клубқа қажет болса, клубтың көмегі мағанда қажет. 2 жылдық келісімшарт екі тарапқа да оң нәтиже береді деп есептеймін», - дейді Якоб Фульсанг.
«Астаны» клубының директоры Александр Винокуровта Якоб Фульсангпен келісімшарт жасасқанына қуанышты екенін айтады.
«Біз Якоб Фульсангпен 2 жылдық келісімшарт жасасқанымызға қуаныштымыз. Былтырғы «Тур де Франс» көпкүндігінде Винченцо Нибалидың жеңімпаз атануына Якобтың көмегі көп тиді. Нибалиге қазірде Фульсангтің көмегі, қолдауы қажет», - дейді ол.
Еске сала кетейік, қазір Якоб Фульсанг «Астана» клубының капитаны. Ол «Тур де Фрнас» көпкүндігінің 16-кезеңінен кейін жалпы есепте 22-орында келеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан құрамасы отырып ойнау волейболынан V Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 14:00
Кирилл Ильюкевич пен Глеб Брусенский V Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 09:05
Пара велоспорт: Қазақстан құрамасы алтын және күміс медаль жеңіп алды
23.10.2026, 09:00
Наиль Ермуханбет пен Руслан Алиев V Пара Азия ойындарының чемпионы атанды
23.10.2026, 09:00
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директоры Мигель Анхель Хиль Маринді қабылдады
22.10.2026, 18:30
Қазақстан құрамасы пара жүзуден күміс жүлдегер атанды
22.10.2026, 17:00
Марат Суртубаев пен Алтынай Ержанқызы V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 14:20
Иван Зелезняк V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 10:05