Қызылордада тұңғыш Әлем чемпионы Марат Сатыбалдиевтің жүлдесіне арналған республикалық веложарыс аяқталды
Қызылорда қаласында 26-30 сәуір аралығында велоспорттан Әлем чемпионы, КСРО-ға еңбегі сіңген спорт шебері Марат Сатыбалдиевтің жүлдесі үшін 1999-2000 жылдары туылған жасөспірімдер арасында республикалық көпкүндік веложарыс аяқталды.
Қызылорда облысында велосипед спортын жандандыру, жасөспірімдердің спорттық шеберлігін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, талантты спортшыларды анықтау мақсатында ұйымдастырылған турнирге Алматы қаласы, Алматы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Павлодар, Қостанай және Қызылорда облыстарынан 106 велошабандоз қатысты.
Веложарыс биыл алтыншы мәрте өткізілді. Жарыста «Ең жас велошабандоз» номинациясы бойынша қызылордалық Бауыржан Жаппар, «Ең белсенді велошабандоз» Олжас Баембаев (Талдықорған қаласы), «Жеңіске деген ынтасы үшін» Нұржан Іргебай (Қызылорда облысы) марапатталды.
Бес күнге созылған веложарыстың жүлдегерлері төмендегідей:
1-кезең, 4 шақырымдық жекелей жарыста:
I орын - Игорь Чжан (Алматы обл.)
II орын - Даниил Марухин (Қостанай обл.)
III орын - Олжас Баембаев (Алматы обл.)
2-кезең, 24 шақырымдық жұптық жарыста:
I орын - Игорь Чжан (Алматы обл.)
Олжас Баембаев (Алматы обл.)
II орын - Глеб Брусенский (Алматы обл.)
Евгений Федоров (Алматы обл.)
III орын - Андрей Адольф (Қостанай обл.)
Даниил Марухин (Қостанай обл.)
3-кезең, 54 шақырымдық топтық жарыста:
I орын - Дмитрий Ваинт (Жамбыл обл.)
II орын - Нұрберген Нұрлыхасым (Жамбыл обл.)
III орын - Ғабиден Әзен (Қызылорда обл.)
4-кезең, 24 шақырымдық командалық жарыста:
I орын - Алматы облысы
II орын - Жамбыл облысы
III орын - Алматы қаласы велоклубы
5-кезең, 14 шақырымдық критериумда:
I орын - Даниил Марухин (Қостанай обл.)
II орын - Дмитрий Ваинт (Жамбыл обл.)
III орын - Арслан Сануар (ОҚО)
4 кезеңнің қорытындысы бойынша жекелей жалпы есепте:
I орын - Игорь Чжан (Алматы обл.)
II орын - Олжас Баембаев (Алматы обл.)
III орын - Глеб Брусенский (Алматы обл.)
Жалпыкомандалық есепте:
I орын - Алматы облысы
II орын - Жамбыл облысы
III орын - Алматы қаласы
ҚазАқпарат
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды
10.09.2026, 08:00
Михаил Шайдоров жаңа маусымдағы алғашқы турнирін Братиславада өткізеді
09.09.2026, 18:40
«Ливерпуль» - «Атлетико»: Тікелей эфир!
09.09.2026, 16:30
«Барселона» - «Фейеноорд»: Тікелей эфир!
09.09.2026, 16:00
Қазақстандық жасөспірімдер триатлоннан әлемдік серияның финалына қатысады
09.09.2026, 13:15
Дэвис кубогі: Қазақстанның Таиландқа қарсы ойнайтын құрамы белгілі болды
09.09.2026, 11:00
«Реал Мадрид» - «Интер»: Тікелей эфир!
08.09.2026, 17:10
«Брюгге» - «Астон Вилла»: Тікелей эфир!
08.09.2026, 17:00