«Tour of Almaty-2014» велобәйгесіне «Pro Team Astana» мен «Katusha» командалары қатысады
«Tour of Almaty-2014» велобәйгесінің өткен жылдағы ұйымдастыру деңгейін көрген велошабандоздардың халықаралық одағы (UCI) бұл жарыстың дәрежесін 1.1 категориясына дейін көтеру туралы шешім қабылдаған.
Енді UCI ережесі бойынша Алматыда өтетін жарысқа ең мықты кәсіпқой командалар да қатыса алады. Осы жылы «Tour of Almaty-2014» велобәйгесіне «Pro Team Astana» және «Katusha» велокомандалар қатысады.
Алматыдағы бір күндік жарысқа «Astana» командасының атынан «Тур де Франс-2014» жеңімпазы Винченцо Нибали, Алессандро Ванотти, жастар арасындағы Әлем чемпионы және Азия ойындарының (Инчхон) чемпионы Алексей Луценко, Андрей Зейц, Александр Дьяченко, Арман Қамышев, Руслан Тілеубаев сынға түседі.
Ал ресейлік «Katusha» сапынан жарыс жолына Юрий Трафимов, Михаил Игнатьев, Владимир Гусев, Дмитрий Козончук, Александр Кучинский, Александр Рыбаков, Сергей Чернетский, Гатис Смукулис шығады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды
10.09.2026, 08:00
Михаил Шайдоров жаңа маусымдағы алғашқы турнирін Братиславада өткізеді
09.09.2026, 18:40
«Ливерпуль» - «Атлетико»: Тікелей эфир!
09.09.2026, 16:30
«Барселона» - «Фейеноорд»: Тікелей эфир!
09.09.2026, 16:00
Қазақстандық жасөспірімдер триатлоннан әлемдік серияның финалына қатысады
09.09.2026, 13:15
Дэвис кубогі: Қазақстанның Таиландқа қарсы ойнайтын құрамы белгілі болды
09.09.2026, 11:00
«Реал Мадрид» - «Интер»: Тікелей эфир!
08.09.2026, 17:10
«Брюгге» - «Астон Вилла»: Тікелей эфир!
08.09.2026, 17:00