«Тур де Франстың» бір кезеңін Қазақстанда өткізуді қалаймыз - Қ.Келімбетов
Қазақстан «Тур Де Франс» көпкүндігінің бір кезеңін өткізуге тырысады. Бұл туралы Ұлттық банк пен Велоспорт федерациясының басшысы Қайрат Келімбетов мәлім етті.
Қайрат Келімбетов мысал ретінде биылғы «Тур де Франс» көпкүндігінің Ұлыбританияның Йоркшир графтығында басталғанын келтірді.
«Қазір айтсаң әзіл секілді, бірақ Йоркшир тәжірибесі біз үшін өте қызықты. «Тур Де Франс» - жылдың ең тартысты бәсекесі. 5 миллион адам көшегі шығып турнирдің сәнін келтірді. Біздің басты идеямыз – бір кезеңді Қазақстанда өткізу. Йоркшир дайындығы үшін 3 жылы кетті. Біздің де қолымыздан келеді деп ойлаймын», - деді Қайрат Келімбетов.
Айта кетейік, «Тур де Франс» көпкүндігінің биылғы маусымында «Астана» велокомандасының капитаны Винченцо Нибали жеңімпаз атанды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан құрамасы отырып ойнау волейболынан V Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 14:00
Кирилл Ильюкевич пен Глеб Брусенский V Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 09:05
Пара велоспорт: Қазақстан құрамасы алтын және күміс медаль жеңіп алды
23.10.2026, 09:00
Наиль Ермуханбет пен Руслан Алиев V Пара Азия ойындарының чемпионы атанды
23.10.2026, 09:00
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директоры Мигель Анхель Хиль Маринді қабылдады
22.10.2026, 18:30
Қазақстан құрамасы пара жүзуден күміс жүлдегер атанды
22.10.2026, 17:00
Марат Суртубаев пен Алтынай Ержанқызы V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 14:20
Иван Зелезняк V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 10:05