Le Tour de Franсe - 2014. Превью.
Биыл атақты Le Tour de Franсe велокөпкүндігінің екінші жүз жылдығы басталады. Тур де Франс көпкүндігінің 101-ші нұсқасы 5-27 шілде аралығында өтеді. Велошабандоздар жалпы ұзындығы 3664 шақырымды құрайтын 21 кезеңді бағындыруға тырысады.
Жарыс Ұлыбританияның Лидс қаласынан басталады. Алғашқы үш кезең Англия аумағында өтеді. Бесінші кезең Бельгияның Импре қаласында басталып, І Дүниежүзілік соғыстың жүз жылдығына арналады. Бұл кезеңде жалпы ұзындығы 15,4 шақырым болатын «Париж-Рубе» бағыты арқылы жүріп өту қарастырылған.
Әрі қарай жарыс сағат тілі бойынша солтүстіктен оңтүстікке қарай жылжиды. Алдымен велошабандоздар Альпі тауын араласа, кейін Приренейге ауысады. Англия мен Бельгиядан бөлек, Гранд Тур Испания аумағында қамтиды. Бұл елдің аумағын Пиреней кезеңі басталған кезде жүріп өтеді.
Барлығы 6 таулы кезең жоспарланған. Оның бесеуінде мәре тауда аяқталады. Жалпы есептегі нақты орынды 54 шақырымға созылатын Бержерак пен Перигё қалалары арасында жекелей сын мүмкіндік береді. Бұл кезең жарыстың ең соңғы күнінің алдында өтеді.
Биылғы маусымда жалпы есептегі жеңіс үшін негізгі талас төрт команданың арасында болады деп күтілуде. Өткен маусымның жеңімпазы, британдық Кристофер Фрум бастаған «Sky» командасы, 2007 және 2009 жылғы Тур де Франс көпкүндігінің жеңімпазы, испандық Альберто Контадор бастаған ресейлік «Tinkoff-Saxo» командасы, 2012 жылы Гранд Турдың үздік үштігінен көрінген Винченцо Нибали бастаған «Astana Pro Team» командасы және тәжірибелі испандық велошабандоз Алехандро Вальверде «Movistar» командасы.
«Astana Pro Team» командасының құрамы:
Винценцо Нибали (Италия).
Микеле Скарпони (Италия).
Якоб Фульсанг (Дания).
Льюве Вестра (Нидерланд).
Танел Кангерт (Эстония).
Алессандро Ванотти (Италия).
Андрей Гривко (Украина).
Дмитрий Груздев (Қазақстан).
Максим Иглинский (Қазақстан).
Айта кетейік, «KAZsport» телеарнасы Le Tour de Franсe - 2014 велокөпкүндігін тікелей эфирде көрсетеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды
10.09.2026, 08:00
Михаил Шайдоров жаңа маусымдағы алғашқы турнирін Братиславада өткізеді
09.09.2026, 18:40
«Ливерпуль» - «Атлетико»: Тікелей эфир!
09.09.2026, 16:30
«Барселона» - «Фейеноорд»: Тікелей эфир!
09.09.2026, 16:00
Қазақстандық жасөспірімдер триатлоннан әлемдік серияның финалына қатысады
09.09.2026, 13:15
Дэвис кубогі: Қазақстанның Таиландқа қарсы ойнайтын құрамы белгілі болды
09.09.2026, 11:00
«Реал Мадрид» - «Интер»: Тікелей эфир!
08.09.2026, 17:10
«Брюгге» - «Астон Вилла»: Тікелей эфир!
08.09.2026, 17:00