Руслан Тілеубаев велоспорттан Азия чемпионатында бірінші келді
Бүгін, 1 маусымда қазақстандық велошабандоздар Қарағандыда өткен 210 шақырымдық топтық жарыстан Азия чемпионатында жүлделі орынның үшеуін де жеңіп алды. Сайыстың нәтижесі бойынша мәреге Руслан Тілеубаев бірінші келді. Максим Иглинский екінші келсе, қола жүлдеге Дмитрий Груздев ие болды.
Айта кету керек, бір күн бұрын велоспорттан Қазақстанның Ұлттық құрамасы андерлер жарысында да барлық жүлделі орынға ие болған. Ол кезде мәре сызығын бірінші болып, Вадим Галеев кескен еді. Екінші орын Олег Земляковқа бұйырса, үшінші орынды Мақсат Аязбаев алды.
Еске сала кетейік, велоспорттан Азия чемпионаты 21 мамыр күні Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде бастау алған болатын. Жарыс 27 мамыр – 1 маусым аралығында Қарағанды жолында жалғасты. Екінші кезеңде Азия кеңістігіндегі 29 елден 200-ден аса спортшы қатысты.
Фото Vesti.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Манчестер Юнайтед» - «Сабах»: Тікелей эфир!
10.09.2026, 16:30
«ПСВ» - «Шахтар»: Тікелей эфир!
10.09.2026, 16:20
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды
10.09.2026, 08:00
Михаил Шайдоров жаңа маусымдағы алғашқы турнирін Братиславада өткізеді
09.09.2026, 18:40
«Ливерпуль» - «Атлетико»: Тікелей эфир!
09.09.2026, 16:30
«Барселона» - «Фейеноорд»: Тікелей эфир!
09.09.2026, 16:00
Қазақстандық жасөспірімдер триатлоннан әлемдік серияның финалына қатысады
09.09.2026, 13:15
Дэвис кубогі: Қазақстанның Таиландқа қарсы ойнайтын құрамы белгілі болды
09.09.2026, 11:00