Алматыда грепплингтен халықаралық турнир өтеді
10 қыркүйек күні Алматыда грепплингтен Азия және Мұхит елдері спортшыларының қатысуымен халықаралық турнир өтеді. Жарыста әлем чемпионатының жолдамалары сарапқа салынады.
Грепплингтен «ADCC» санатындағы (грепплингтен ең танымал халықаралық ұйым) Азия және Мұхит елдері арасындағы ірі турнир Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Спортшылар 2017 жылы Финляндия астанасы Хельсинкиде өтетін әлем чемпионатының 5 жолдамасы үшін талас жүргізеді.
Алматыдағы додаға Азия мен Мұхит елдерінің ең танымал спортшылары қатысады деп күтілуде. Жарысты Қазақстан бразилиялылық джиу-джитсу және грепплинг қауымдастығы ұйымдастырып отыр.
Айта кетейік, грепплинг - ережесіз жекпе-жекке ұқсас спорттың бір түрі. Мұнда спортшы қарсыластарына соққы жасап, күш қолданбайды. Грепплингте дзюдо, бразилиялық джиу-джитсу, еркін күрес пен самбо әдіс-тәсілдері қолданылады. «ADCC» санатындағы халықаралық жарыстар 1998 жылдан бері ұйымдастырылып келеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Теннисші Жібек Құламбаева Үндістанда екі титул жеңіп алды
30.03.2026, 12:53
«Qazsport» телеарнасы бокстан Азия чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді
30.03.2026, 12:51
Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінің жартылай финалында жеңіліс тапты
27.03.2026, 10:00
Диас Жиренбаевтың қысқа бағдарламада көрсеткен өнері
26.03.2026, 16:20
Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінде жартылай финалға шықты
26.03.2026, 11:00
Софья Самоделкинаның қысқа бағдарламада көрсеткен өнері
25.03.2026, 19:30
Қазақстан құрамасы Намибияны 2:0 есебімен жеңді
25.03.2026, 19:00
Ақмарал Ерекешева Грекиядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды
23.03.2026, 09:45