«KAZsport» телеарнасы телевизиядағы озық технологиялар көрмесіне қатысты
Алматыда «Қазақстан телевизиясындағы IV озық технологиялар» атты көрме өтті. Көрмеде байланыс пен ақпараттық технология саласындағы жабдықтар таныстырылып, отандық және халықаралық компаниялардың презентациялары көрсетілді.
Шараға «Қазақстан» РТРК АҚ атынан «KAZsport» телеарнасы да қатысты. Екі жыл бойы нарықта жұмыс істеп келе жатқан телеарна «Отау-ТВ» жер серіктік және кабельдік жүйе арқылы хабар таратады. Көрсетілімдердің 70 пайызы – тікелей және түпнұсқалық трансляция.
«Әлемнің кез-келген қиыр шетіндегі оқиғамен жедел хабардар ету, көрерменнің талғамы жоғарылаған сайын көптің көңілінен шығып, ақпаратты заманауи форматта тарату – телеарнаның басты мақсаты», - деді «KAZsport» телеарнасының бас продюссері Павел Цыбулин.
Сонымен қатар, шараға қатысушылар ортақ ақпараттық кеңістік қалыптастыру мәселелері бойынша өзара пікір алмасып, телеарналарда озық технологияларды пайдалану арқылы телеаудиторияның санын арттыруды да талқылады.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыАделина Земс - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 16:10
Ауыр атлетика: Нұрғиса Әділетұлы - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 16:00
Елена Рыбакина III дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды
28.09.2026, 13:45
Ауыр атлетика: Алексей Чуркин - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 11:30
Әділет Ахметғали кураштан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
28.09.2026, 11:00
Қазақстан әйелдер құрамасы Шахмат олимпиадасының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 08:30
Нора Джеруто Тануи – Азия ойындарының күміс жүлдегері
27.09.2026, 18:50
Семсерлесу: Қазақстан құрамасы – Азия ойындарының чемпионы
27.09.2026, 16:39