«KAZsport» телеарнасы таеквондодан Әлем чемпионатын көрсетеді
Ресейдің Челябинск қаласында таеквондодан Әлем чемпионаты өтуде. Жарысқа 141 елдің спортшысы қатысуда. Сайста Оңтүстік Корея, Қытай, Иран, Ресей, Мексика мен Кубадан келген мықты спортшылармен қатар Қазақстан Ұлттық құрамасының таеквондошылары да сынға түседі.
Жарыстың алғашқы күні қыздар арасында 46 келі салмақ дәрежесінде кездесулер өтті. Қазақстандық Жазира Сапарбек қытайлық Жаои Лиге 5:0 есебімен есе жіберді. Ал, ерлер арасында Қазақстан Ұлттық құрамасының таеквондошысы Нұрсұлтан Мамаев АҚШ елінің спортшысы Дрю Плюмьерді 2:1 есебімен ұтты.
Айта кетейік, «KAZsport» телеарнасы Челябинск қаласындағы таеквондодан Әлем чемпионатын 13 мамырдан бастап көрсетеді.
Көрсетілім кестесі:
13 мамыр. 23:15. ТАЭКВОНДО. Әлем чемпионаты. Әйелдер (46 кг), Ерлер (58 кг). Жартылай финал, финал. Челябинск (Ресей)
15 мамыр. 13:00. ТАЭКВОНДО. Әлем чемпионаты. Әйелдер (49 кг), Ерлер (74 кг). Жартылай финал, финал. Челябинск (Ресей)
15 мамыр. 23:55. ТАЭКВОНДО. Әлем чемпионаты. Әйелдер (67 кг), Ерлер (68 кг). Жартылай финал, финал. Челябинск (Ресей)
16 мамыр. 01:15. ТАЭКВОНДО. Әлем чемпионаты. Әйелдер (53 кг, +73 кг), Ерлер (54 кг). Жартылай финал, финал. Челябинск (Ресей)
17 мамыр. 22:15. ТАЭКВОНДО. Әлем чемпионаты. Әйелдер (73 кг), Ерлер (87 кг, +87 кг). Жартылай финал, финал. Челябинск (Ресей)
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыАделина Земс - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 16:10
Ауыр атлетика: Нұрғиса Әділетұлы - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 16:00
Елена Рыбакина III дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды
28.09.2026, 13:45
Ауыр атлетика: Алексей Чуркин - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 11:30
Әділет Ахметғали кураштан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
28.09.2026, 11:00
Қазақстан әйелдер құрамасы Шахмат олимпиадасының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 08:30
Нора Джеруто Тануи – Азия ойындарының күміс жүлдегері
27.09.2026, 18:50
Семсерлесу: Қазақстан құрамасы – Азия ойындарының чемпионы
27.09.2026, 16:39