Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің қызметкерлері Қарағанды облысының тұрғындарына көмек көрсетті
Мекеме ұжымы Е.Қанағатовтың бастамасын қызу қолдап, қарағандылық тұрғындарға қол ұшын созуды ұйғарды.
Осылайша мекеме қызметкерлері Қарағанды облысының ағынды судан зардап шеккен елді мекендерінде тұрып жатқан халықтың мұңын мұңдап, мұқтажын өтемекке бір күндік жалақыларын аударды.
Бағзы замандардан бері қазақ халқы басына қиындық түскен ағайынды далаға тастамай, жылу жиып, пәле-жала, түрлі апаттан аман сақтап отырған. Жаратқан берген осы бауырмал қасиетіміз бізді әлемдік қауымдастыққа мүше сандаған ұлт пен ұлыстан ерекшелеп тұратыны да рас.
Осыны ескергенде, Қазақстанның түкпір-түкпірінде көрініс тауып жатқан сауапты іске спорт саласындағы басты мекеме қосқан үлестің мән-маңызы айшықтала, айқындала түсері сөзсіз.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыАделина Земс - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 16:10
Ауыр атлетика: Нұрғиса Әділетұлы - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 16:00
Елена Рыбакина III дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды
28.09.2026, 13:45
Ауыр атлетика: Алексей Чуркин - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 11:30
Әділет Ахметғали кураштан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
28.09.2026, 11:00
Қазақстан әйелдер құрамасы Шахмат олимпиадасының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 08:30
Нора Джеруто Тануи – Азия ойындарының күміс жүлдегері
27.09.2026, 18:50
Семсерлесу: Қазақстан құрамасы – Азия ойындарының чемпионы
27.09.2026, 16:39