Командалық Әлем чемпионаты. Қазақстандық шахматшы қыздар Армения құрамасымен тең түсті
Қытайдың Чэнду қаласында шахматтан әйелдер арасында командалық V Әлем чемпионаты өтуде.
Чемпионаттың бесінші кездесуінде қазақстандық шахматшы қыздар Армения құрамасымен кездесіп, 2:2 есебімен тең түсті. Кездесу нәтижелері:
1. Елена Даниелян – Жансая Әбдімәлік: 1-0
2. Динара Сәдуақасова – Лилит Мкртчян: 1/2-1/2
3. Лилит Галоян – Гүлісхан Нахбаева 0-1
4. Мәдина Дәулетбаева – Мария Курсова: 1/2-1/2
Айта кетейік, қазақстандық шахматшылар алғашқы кездесуде Үндістан шахматшыларын 2.5:1.5 есебімен ұтса, екінші кездесуде былтырғы Әлем чемпионы Украина спортшыларынан 0.5:3.5 есебімен жеңіліп қалған. Сонымен қатар, Қазақстан Ұлттық құрамасының шахматшылары үшінші кездесуін АҚШ құрамасына қарсы өткізіп, 2:2 есебімен тең түссе, төртінші кездесуде Грузия құрамасына 3:1 есебімен есе жіберген.
Шахматтан Әлем чемпионаты 29 сәуір күні аяқталады.
Фото: chengdu2015.fide.com
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыАделина Земс - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 16:10
Ауыр атлетика: Нұрғиса Әділетұлы - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 16:00
Елена Рыбакина III дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды
28.09.2026, 13:45
Ауыр атлетика: Алексей Чуркин - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 11:30
Әділет Ахметғали кураштан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
28.09.2026, 11:00
Қазақстан әйелдер құрамасы Шахмат олимпиадасының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 08:30
Нора Джеруто Тануи – Азия ойындарының күміс жүлдегері
27.09.2026, 18:50
Семсерлесу: Қазақстан құрамасы – Азия ойындарының чемпионы
27.09.2026, 16:39