Басты Жаңалықтар «KAZsport» телеарнасы «Kunlun Fight 2 Cage Series» турнирін көрсетеді

«KAZsport» телеарнасы «Kunlun Fight 2 Cage Series» турнирін көрсетеді

«KAZsport» телеарнасы «Kunlun Fight 2 Cage Series» турнирін көрсетеді
Алматыда Қазақ хандығының 550 жылдығына орай аралас жекпе-жек бойынша Қазақстан мен Қытай спорт клубтары ұйымдастырған халықаралық «KUNLUN FIGHT 2 CAGE SERIES» турнирі өтті. Турнир аясында барлығы 9 жекпе-жек өткізілді. Онда «ALEM FIGHTERS» кәсіпқой спорт клубының спортшылары Бразилия, АҚШ, Корея, Түркия және Еуропа елдерінен келген спортшылармен сайысты. Турнирдің 1-ші жекпе-жегі: Джыфа Шанг Алпамыс Адиатовты қолына жасаған тәсіл арқылы жеңіске жетті. Турнирдің 2-ші жекпе-жегі: Алтынбек Бажимов Алатеңг Хейлиді ұтты. Турнирдің 3-ші жекпе-жегі: Руслан Камзаев Эль Куеди Әбділкерімді төрешілердің шешімімен жеңді. Турнирдің 4-ші жекпе-жегі: Нұрберген Шарипов Ма Шуангпен кездесіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Турнирдің 5-ші жекпе-жегі: Бауыржан Қуанышбаев төрешілердің шешімімен қытайлық Шуй Йунхаоны ұтты. Турнирдің 6-шы жекпе-жегі: Нұржан Тұтқа Максим Джиаканолені қолына тәсіл жасап, жеңіске жетті. Турнирдің 7-ші жекпе-жегі: Асқар Үмбетов техникалық нокаутпен Кайл Розевскийден басым түсті. Турнирдің 8-ші жекпе-жегі және KUNLUN FIGHT CHAMPIONSHIP тұжырымы бойынша Әлем чемпионы атағы: Қазыбек Әшімов Чок Вон Сокты қылқындыру тәсілімен ұтты. Турнирдің 9-шы жекпе-жегі және KUNLUN FIGHT CHAMPIONSHIP тұжырымы бойынша Әлем чемпионы атағы: Бейбит Назаров бразилиялық Бруно Амориманы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Айта кетейік, «Kunlun Fight 2 Cage Series» турнирін бүгін сағат 22:00-де «KAZsport» телеарнасынан тамашалай аласыздар.
Бөлісу