Алматыда аралас жекпе-жек бойынша халықаралық «KUNLUN FIGHT 2 CAGE SERIES» турнирі өтеді
4 сәуір күні Қазақ хандығының 550 жылдығына орай аралас жекпе-жек бойынша Қазақстан мен Қытай спорт клубтарының ұйымдастыруымен халықаралық «KUNLUN FIGHT 2 CAGE SERIES» турнирі өтеді.
Турнир аясында барлығы 9 жекпе-жек өткізіледі. Онда «ALEM FIGHTERS» кәсіпқой спорт клубының спортшылары Бразилия, АҚШ, Корея, Түркия және Еуропа елдерінен келген спортшылармен сайысады.
Екі негізгі жекпе-жек 47 келі салмақ дәрежесінде Қазыбек Әшімов пен Оңтүстік Корея елінің спортшысы Чок Вон Сок арасында және 70 келі салмақ дәрежесінде Бейбіт Назаров пен бразилиялық Бруно Робиньоның арасында өтеді.
Мұнда Бейбіт Назаров пен Бруно Робиньо арасындағы жекпе-жекте қытайлық KUNLUN FIGHT федерациясының нұсқасы бойынша Әлем чемпионы атағы сарапқа салынады. Ал, турнирдің супер жекпе-жегі 66 келі салмақ дәрежесінде Асқар Үмбетов пен Кайл Розевский (АҚШ) арасында өтеді.
Айта кетейік, турнирге Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, ҚР Спорт және мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, КСРО Халық әртісі, кино және театр қайраткері Асанәлі Әшімов, қазақ спортының жарық жұлдыздары - Олимпиада чемпиондары Жақсылық Үшкемпіров, Ермахан Ибраимов және басқа да белгілі тұлғалар қатысады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сағындық Тоғамбай Азия Чемпионатының қола жүлдегері атанды
07.04.2026, 16:00
Қазақстан Ұлттық Банкі FIFA WORLD CUP 2026 коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады
07.04.2026, 14:20
Айбек Оралбай Азия чемпионатының финалына өтті
07.04.2026, 11:35
Сабыржан Аққалықов Азия чемпионатының финалына шықты
07.04.2026, 10:46
Айгерім Сәттібаева Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
07.04.2026, 10:02
Азия Чемпионаты: Төрехан Сабырхан алтын медальға таласады
06.04.2026, 17:00
Азия Чемпионаты: Дина Исламбекова финалға шықты
06.04.2026, 16:20
Азия Чемпионаты: Надежда Рябец финалға жолдама алды
06.04.2026, 16:00