Әлем чемпионаты. Денис Тен қысқа бағдарламадан кейін 3-ші орында келеді
Шанхайда (Қытай) мәнерлеп сырғанауда Әлем чемпионаты өтуде.
Жарысқа Қазақстан атынан тек Денис Тен қатысуда. Талантты спортшыларымыз Абзал Рақымғалиев және жұптық билеу жарысында сынға түсетін Ілияс Әли мен Карина Узурова іріктеуден өтпей қалған еді.
Бүгін ерлер арасында қысқа бағдарлама сайысы аяқталды. Оның қорытындысы бойынша 85,89 ұпай жинаған Денис Тен 3-ші орын иеленді. Ал, бүгінгі жарыс күнінен кейін бірінші орында жапониялық Юдзуру Ханю (95,20 ұпай) тұр. Қысқа бағдарламадан кейін 92,74 ұпай жинаған испаниялық Хавьер Эрнандес әзірге 2-ші келеді.
Айта кетейік, ертең, 28 наурызда, Әлем чемпионатында ерлер арасында еркін бағдарлама бойынша жарыс өтеді. «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы атаулы сайысты сағат 15:35-те тікелей эфирде көрсетеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сағындық Тоғамбай Азия Чемпионатының қола жүлдегері атанды
07.04.2026, 16:00
Қазақстан Ұлттық Банкі FIFA WORLD CUP 2026 коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады
07.04.2026, 14:20
Айбек Оралбай Азия чемпионатының финалына өтті
07.04.2026, 11:35
Сабыржан Аққалықов Азия чемпионатының финалына шықты
07.04.2026, 10:46
Айгерім Сәттібаева Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
07.04.2026, 10:02
Азия Чемпионаты: Төрехан Сабырхан алтын медальға таласады
06.04.2026, 17:00
Азия Чемпионаты: Дина Исламбекова финалға шықты
06.04.2026, 16:20
Азия Чемпионаты: Надежда Рябец финалға жолдама алды
06.04.2026, 16:00