Жанбота Алдабергенова жасөспірімдер арасындағы шаңғы акробатикасы бойынша Әлем чемпионатында «күміс» иеленді
Жақында Еуропа Кубогының финалы өткен Италияның Кьеза-ин-Вальмаленко қаласында фристайл бойынша жасөспірімдер чемпионаты басталды.
Қыздар арасындағы шаңғы акробатикасында бірінші орынды Беларусь елінің спортшысы Александра Романовская иеленді. Күміс жүлдені қазақстандық Жанбота Алдабергенова жеңіп алса, қола медальді америкалық Элле Гаудетт қанжығасына байлады.
Фристайл. Жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионаты. Кьеза-ин-Вальмаленко (Италия), Акробатика
1. Александра Романовская (Беларусь) - 165,19
2. Жанбота Алдабергенова (Қазақстан) - 163,11
3. Элле Гаудетт (АҚШ) - 146,59.
Жанбота Алдабергенова осыған дейін Австрияның Крейшберг қаласында өткен ересектер арасындағы Әлем чемпионатына да қатысып, 75,40 ұпаймен 18-орын алған.
Ж.Алдабергенова Сочи Олимпиадасына қатысып, 76,23 ұпаймен 6-шы орын алған.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыАделина Земс - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 16:10
Ауыр атлетика: Нұрғиса Әділетұлы - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 16:00
Елена Рыбакина III дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды
28.09.2026, 13:45
Ауыр атлетика: Алексей Чуркин - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 11:30
Әділет Ахметғали кураштан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
28.09.2026, 11:00
Қазақстан әйелдер құрамасы Шахмат олимпиадасының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 08:30
Нора Джеруто Тануи – Азия ойындарының күміс жүлдегері
27.09.2026, 18:50
Семсерлесу: Қазақстан құрамасы – Азия ойындарының чемпионы
27.09.2026, 16:39