Нұрсұлтан Мамай мен Жазира Сапарбек Катардан жүлделі оралды
Катарда аяқталған таеквондодан (WTF) халықаралық жарыста Қазақстан құрамасы 2 қола жүлдеге қол жеткізді. «1st Qatar International Open 2015» турнирінде әлемнің әр елінен келген 400 таеквондошы үздіктерді анықтады.
Дохада өткен G-1 дәрежесіндегі беделді жарыста ел намысын ұлттық құраманың 8 спортшысы қорғап, өкінішке орай екеуі ғана көзге түскен. 58 келе салмақта өнер көрсеткен қандасымыз Нұрсұлтан Мамай жартылай финалда француз спортшысы Челамуту Диланға жол беріп, қола жүлдегер атанды.
Ал, қыздар арасында 46 келе салмақта бақ сынаған Жазира Сапарбек тартысты кездесуде канадалық таеквондошы Йонг Иветке ұтылып, ІІІ орынды қанағат тұтты. Қалған жерлестеріміз ақтық айналымдарға жете алмай, жарыстан шығып қалған.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыАделина Земс - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 16:10
Ауыр атлетика: Нұрғиса Әділетұлы - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 16:00
Елена Рыбакина III дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды
28.09.2026, 13:45
Ауыр атлетика: Алексей Чуркин - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 11:30
Әділет Ахметғали кураштан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
28.09.2026, 11:00
Қазақстан әйелдер құрамасы Шахмат олимпиадасының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 08:30
Нора Джеруто Тануи – Азия ойындарының күміс жүлдегері
27.09.2026, 18:50
Семсерлесу: Қазақстан құрамасы – Азия ойындарының чемпионы
27.09.2026, 16:39