«KAZsport» конькимен жүгіру спортының спринтерлік көпсайыс жарысынан Әлем чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді
Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет Астана конькимен жүгіру спортының спринттерлік көпсайыс жарысынан Әлем чемпионатын қабылдайды. Жарыс 28 ақпан мен 1 наурыз аралығында «Алау» мұз сарайында өтеді.
Спортшылар спринтерлік көпсайыста (жеңімпаз төрт қашықтықтың нәтижесі (500м х2 + 1000мх2) бойынша анықталады) сынға түседі.
Жарысқа қатысушылардың арасында Олимпиада және Әлем чемпиондары бар: Шани Дэвис, Мишель Мюлдер, Кун Вервей, Сан-Хва Ли. Сонымен қатар, Павел Кулижников, Ольга Фаткулина және басқалар сияқты жас таланттар бақ сынайды.
Қазақстан атынан жарысқа төрт конькиші шығады: Денис Кузин, Роман Креч, Александр Жигин пен Екатерина Айдова.
Еске сала кетейік, Денис Кузин бір жыл бұрын Наганода (Жапония) өткен Әлем чемпионатындағы 1000 метр қашықтықта алтын және күміс медаль иеленген. Көпсайыс қорытындысы бойынша Денис төртінші орынға табан тіреген еді.
Ал, жарыс өтетін «Алау» мұз сарайы жылдамдық бойынша әлемдік рейтингте 7-ші орында тұр.
Көрермендер үшін жарысқа кіру тегін, деп хабарлайды «Алау» мұз айдынының баспасөз мәслихаты.
Еске сала кетейік, «KAZsport» телеарнасы Әлем чемпионатының бірінші жарыс күнін 28 ақпанда сағат 17:15-те тікелей эфирде көрсетеді. Ал, екінші жарыс күнін 1 наурызда сағат 18:15-де тікелей эфирде тамашалай аласыздар.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыАделина Земс - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 16:10
Ауыр атлетика: Нұрғиса Әділетұлы - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 16:00
Елена Рыбакина III дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды
28.09.2026, 13:45
Ауыр атлетика: Алексей Чуркин - Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 11:30
Әділет Ахметғали кураштан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
28.09.2026, 11:00
Қазақстан әйелдер құрамасы Шахмат олимпиадасының күміс жүлдегері атанды
28.09.2026, 08:30
Нора Джеруто Тануи – Азия ойындарының күміс жүлдегері
27.09.2026, 18:50
Семсерлесу: Қазақстан құрамасы – Азия ойындарының чемпионы
27.09.2026, 16:39