Аичи-Нагоя: V Азия Пара ойындарына 10 күн қалды
Сары құрлықтың басты параспорт додасы 18-24 қазан аралығында өтеді. Жарысқа Азияның 45 елінен 4000-ға жуық спортшы 18 спорт түрінен 502 медаль жиынтығын сарапқа салады.
Қазақстан құрамасы 12 спорт түрінен 150 спортшымен қатысады.
Құрама сапында:
• волейболды отырып ойнаудан – 12;
• пара таеквондодан – 8;
• пара дзюдодан – 26;
• пара үстел теннисінен – 12;
• пара оқ атудан – 12;
• пара жеңіл атлетикадан – 14;
• пара садақ атудан – 9;
• пара жүзуден – 21;
• арбадағы теннистен – 3;
• пара пауэрлифтингтен – 15;
• боччадан – 5;
• пара велоспорттан – 13 спортшы өнер көрсетеді.
Айта кетейік, қазақстандық спортшылар биыл Азия Пара ойындарында алғаш рет арбадағы теннистен, зияткерлік даму ерекшеліктері бар спортшылар арасындағы жеңіл атлетикадан T20 және пара үстел теннисінен 11-сыныпта сынға түседі.
Жарыстың ашылу салтанаты 18 қазанда, ал жабылу рәсімі 24 қазанда Нагоя қаласындағы Мидзухо жеңіл атлетика стадионында өтеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жұрқамырза Шүкірбеков V Азия Пара ойындарының чемпионы атанды
21.10.2026, 13:00
Пара дзюдо: Қазақстан құрамасы бес медаль жеңіп алды
21.10.2026, 13:00
Зарина Раифова мен Ақтолқын Сейілбекова V Пара Азия ойындарының чемпионы атанды
21.10.2026, 12:00
Кирилл Ильюкевич пен Глеб Бруссенский V Азия Пара ойындарының күміс жүлдегерлері
21.10.2026, 11:25
Қазақстан құрамасы пара велоспорттан тағы бір алтын медаль жеңіп алды
21.10.2026, 11:00
Қазақстан құрамасы пара садақ атудан күміс медаль иеленді
21.10.2026, 10:30
Наиль Ермуханбет пен Руслан Алиев V Пара Азия ойындарының чемпионы атанды
21.10.2026, 10:00
Махамбет Серікқалиев V Пара Азия ойындарының қола жүлдегері
21.10.2026, 09:45