Теннис: Анна Данилина мен Юлия Путинцева Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
Аичи-Нагояда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында теннистен әйелдер арасындағы жұптық бәсекеде Анна Данилина мен Юлия Путинцева қола медаль иеленді.
Қазақстандық жұп жартылай финалда Тайбэй өкілдері Лян Эньшо мен Се Шувэйге қарсы шықты. Аса тартысты өтіп, тай-брейкке дейін созылған ойында қарсыластар басым түсті. Есеп: 6-7 (3-7), 6-7 (5-7).
Осылайша, Анна Данилина мен Юлия Путинцева жарысты қола медальмен қорытындылады.
Айта кетейік, бұған дейін Юлия Путинцева жекелей сында да Азия ойындарының қола жүлдегері атанған еді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жұрқамырза Шүкірбеков V Азия Пара ойындарының чемпионы атанды
21.10.2026, 13:00
Пара дзюдо: Қазақстан құрамасы бес медаль жеңіп алды
21.10.2026, 13:00
Зарина Раифова мен Ақтолқын Сейілбекова V Пара Азия ойындарының чемпионы атанды
21.10.2026, 12:00
Кирилл Ильюкевич пен Глеб Бруссенский V Азия Пара ойындарының күміс жүлдегерлері
21.10.2026, 11:25
Қазақстан құрамасы пара велоспорттан тағы бір алтын медаль жеңіп алды
21.10.2026, 11:00
Қазақстан құрамасы пара садақ атудан күміс медаль иеленді
21.10.2026, 10:30
Наиль Ермуханбет пен Руслан Алиев V Пара Азия ойындарының чемпионы атанды
21.10.2026, 10:00
Махамбет Серікқалиев V Пара Азия ойындарының қола жүлдегері
21.10.2026, 09:45