FIFA Әлем чемпионатына қатысатын құрамалар санын 64-ке дейін көбейтуі мүмкін
FIFA президенті Джанни Инфантино футболдан ерлер арасындағы Әлем чемпионатына қатысатын құрамалар санын 64-ке дейін арттыру мүмкіндігін қарастырып жатқанын мәлімдеді.
Оның айтуынша, бұл бастама Әлем чемпионатын барша ел үшін қолжетімді етіп, турнирге көбірек құраманың қатысуына мүмкіндік береді.
«Бұл мәселені Әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін талқылаймыз. Турнирді ұйымдастырғанда тек Еуропа мен Оңтүстік Америкаға емес, бүкіл әлемге мүмкіндік беру маңызды. Әрбір елдің Әлем чемпионатына қатысуды армандауына жағдай жасауымыз керек», - деді FIFA басшысы швейцариялық Blue Sport телеарнасына берген сұхбатында.
Айта кетейік, қазір АҚШ, Мексика, Канадада өтіп жатқан 2026 жылғы футболдан Әлем чемпионатына алғаш рет 48 құрама қатысып жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан құрамасы отырып ойнау волейболынан V Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 14:00
Кирилл Ильюкевич пен Глеб Брусенский V Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 09:05
Пара велоспорт: Қазақстан құрамасы алтын және күміс медаль жеңіп алды
23.10.2026, 09:00
Наиль Ермуханбет пен Руслан Алиев V Пара Азия ойындарының чемпионы атанды
23.10.2026, 09:00
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директоры Мигель Анхель Хиль Маринді қабылдады
22.10.2026, 18:30
Қазақстан құрамасы пара жүзуден күміс жүлдегер атанды
22.10.2026, 17:00
Марат Суртубаев пен Алтынай Ержанқызы V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 14:20
Иван Зелезняк V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 10:05