Басты Жаңалықтар Футболдан әлем чемпионаты: Бүгінгі эфир кестесі

Футболдан әлем чемпионаты: Бүгінгі эфир кестесі

Футболдан әлем чемпионаты: Бүгінгі эфир кестесі

Футболдан әлем чемпионаты аясында осы күндері бірнеше кездесу өтеді.

17 маусым күні таңғы 05:50-де J тобында Аргентина мен Алжир құрамалары АҚШ-тың Канзас-Сити қаласындағы «Канзас-Сити Стэдиум» стадионында кездеседі. Матч «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. 08:50-де J тобында Аустрия мен Иордания құрамалары АҚШ-тың Санта-Клара қаласындағы «Сан-Франциско Бэй Ариа Стэдиум» стадионында ойнайды. Матч «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. 21:50-де K тобында Португалия мен Конго ДР кездесуі АҚШ-тың Хьюстон қаласындағы «Хьюстон Стэдиум» стадионында өтеді. Матч «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Сондай-ақ, 18 маусым 02:50-де L тобында Англия мен Хорватия құрамалары АҚШ-тың Даллас қаласындағы «Даллас Стэдиум» стадионында кездеседі. Ойын «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Бөлісу