Испания мен Кабо-Верде арасындағы матчта есеп ашылмады
Футболдан әлем чемпионатының H тобында Испания мен Кабо-Верде құрамалары кездесті.
Матч барысында екі команда да гол соғуға бірнеше мүмкіндік алғанымен, есеп ашылған жоқ. Қос құрама шабуылда белсенді ойнады, алайда қақпашылар өз міндетін жақсы атқарды.
Нәтижесінде кездесу 0:0 есебімен аяқталды.
Сондай-ақ, Испаниямен өткен матчтан кейін Кабо-Верде құрамасының 40 жастағы қақпашысы Возиньяның Instagram парақшасындағы оқырман саны 50 мыңнан 1,5 миллионға дейін өсті. Тәжірибелі қақпашы матч барысында Испания ойыншыларының бірнеше қауіпті соққысын тоқтатып, жалпы 7 сейв жасады. Оның тамаша ойыны әлемдік БАҚ пен жанкүйерлердің назарын аударып, Возиньяны турдың басты кейіпкерлерінің біріне айналдырды.
Осылайша Испания мен Кабо-Верде H тобындағы жарысты бір ұпайдан бастады. Келесі турда Испания құрамасы Сауд Арабиясымен кездессе, Кабо-Верде Уругвайға қарсы шығады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы