Бибісара Асаубаева Norway Chess Women 2026 турнирінің чемпионы атанды
Қазақстандық шахматшы Норвегияның Осло қаласында өткен Norway Chess 2026 турнирінің әйелдер арасындағы жарысында жеңімпаз атанды.
Турнирдің 9-турында отандасымыз украиналық Анна Музычукпен кездесті. Негізгі партия тең аяқталып, жеңімпаз армагеддонда анықталды. Осы нәтижеден кейін Бибісара жарыс аяқталуына бір тур қалғанда мерзімінен бұрын чемпиондықты қамтамасыз етті.
Бұл жарысқа әлемнің ең үздік алты шахматшысы қатысты. Олардың қатарында қазіргі әлем чемпионы Цзюй Вэньцзюнь, әлем рейтингінің көшбасшылары Чжу Цзиньэр, Хампи Конеру, Анна Музычук және Дивья Дешмукх болды.
Айта кетейік, Norway Chess Women турниріне алғаш рет қатысқан Бибісара бүкіл дода барысында тұрақты ойын көрсетіп, басты қарсыластарын артта қалдырды. Қорытынды есепте ол 16,5 ұпай жинап, турнирдің бас жүлдесін иеленді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан құрамасы отырып ойнау волейболынан V Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 14:00
Кирилл Ильюкевич пен Глеб Брусенский V Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 09:05
Пара велоспорт: Қазақстан құрамасы алтын және күміс медаль жеңіп алды
23.10.2026, 09:00
Наиль Ермуханбет пен Руслан Алиев V Пара Азия ойындарының чемпионы атанды
23.10.2026, 09:00
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директоры Мигель Анхель Хиль Маринді қабылдады
22.10.2026, 18:30
Қазақстан құрамасы пара жүзуден күміс жүлдегер атанды
22.10.2026, 17:00
Марат Суртубаев пен Алтынай Ержанқызы V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 14:20
Иван Зелезняк V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 10:05