Скотт Мунн ҚФФ Бас хатшысы қызметіне тағайындалды
ҚФФ Атқарушы комитеті Скотт Энтони Муннды 2030 жылдың 12 шілдесіне дейін Бас хатшы қызметіне тағайындады.
Ол осы қызметке 2026 жылдың 13 шілдесінде кіріседі.
Бұған дейін Скотт Мунн 2023–2025 жылдары Англияның «Тоттенхэм Хотспур» клубының футбол жөніндегі директоры қызметін атқарған.
Жаңа басшының алдына отандық футболды реформалау бойынша бірнеше маңызды міндеттер қойылды:
Төрешілік жүйесін жетілдіру және ашықтықты қамтамасыз ету;
Футбол академиялары мен инфрақұрылымды заманауи деңгейге көтеру;
Клубтарды басқару және лицензиялау стандарттарын арттыру;
УЕФА және ФИФА ұйымдарымен ынтымақтастықты күшейту.
ҚФФ президенті Марат Омаров:
«Скотт Мунн – өз тәжірибесін қазақстандық футболды дамытуға бағыттайтын білікті маман. Оның кандидатурасы бұл қызметтің барлық талабына сай келеді және ел футболын лайықты нәтижелерге жеткізеді деп сенемін».
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы