Елена Рыбакина WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды
Қазақстанның бірінші ракеткасы Германияның Штутгарт қаласында өткен беделді WTA 500 турнирінің финалында чехиялық Каролина Мухованы (№12 WTA) жеңді.
Тартысты ойын 7:5, 6:1 есебімен Еленаның пайдасына аяқталды. Бұл Еленаның биылғы маусымдағы екінші, ал мансабындағы 13-ші титулы.
Жеңісі үшін отандасымыз 500 рейтингтік ұпай, 160 мың еуро сыйақы және дәстүрлі бас жүлде жаңа Porsche Carrera 911 S автокөлігін иеленді.
Осылайша, Рыбакина Штутгарт корттарындағы үстемдігін дәлелдеп, 2024 жылғы жетістігін қайталады және турнирдің екі дүркін чемпионы атанды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық балуандар Моңғолиядағы турнирде тағы үш жүлде жеңіп алды
05.06.2026, 18:10
Nike футбол жұлдыздары бас қосқан жаңа бейнеролик ұсынды
05.06.2026, 11:45
Бибісара Асаубаева Norway Chess Women 2026 турнирінің чемпионы атанды
05.06.2026, 10:00
Нұрасыл Аманалы Моңғолиядағы турнирде күміс медальға ие болды
04.06.2026, 18:10
Таеквондодан Италиядағы Гран-при турниріне қатысатын қазақстандықтар анықталды
04.06.2026, 13:05
Ибраима Конате «Реал Мадрид» ойыншысы атанды
04.06.2026, 11:00
Қазақстан U19 Португалия U19 құрамасымен тең тарқасты
03.06.2026, 17:00
Бибісара Асаубаева Norway Chess Women турнирінде көш бастап тұр
03.06.2026, 16:30