Басты Жаңалықтар Бокстан Әлем кубогына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды

Бокстан Әлем кубогына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды

Бокстан Әлем кубогына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды

Жарыс 2026 жылдың 20-26 сәуір аралығында Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтеді. Бәсекеге 50-ден аса елден 400-ге жуық боксшы қатысады деп күтілуде. Қазақстан атынан Нұржан Насанов баптайтын ерлер құрамасынан 9 боксшы, ал Елдос Сайдалин жетекшілік ететін әйелдер құрамасынан 7 боксшы жүлдеге таласады.

Бразилия өз тарихында екінші мәрте әлем кубогы кезеңін қабылдайды. 2025 жылы қазақстандық боксшылар 3 алтын, 3 қола медаль жеңіп алған. Сол жарыста Нұрсұлтан Алтынбек (55 келі), Дәулет Төлемісов (85 келі) және Жазира Орақбаева (51 келі) чемпион атанған.

Биылғы жарысқа қатысатын боксшылар тізімі:

Ерлер

50 кг. Даниял Сәбит

55 кг. Бағлан Кенжебек

60 кг. Жансері Көшербаев

65 кг. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы

70 кг. Фарух Тоқтасынов

75 кг. Санжарәли Бегалиев

80 кг. Диас Молжігітов

85 кг. Сұлтан Айбарұлы

90 кг. Дәулет Төлемісов


Әйелдер

51 кг. Алуа Балқыбекова

54 кг. Назым Қызайбай

60 кг. Виктория Графеева

65 кг. Аида Әбікеева

70 кг. Наталья Богданова

80 кг. Жібек Жарасқызы

+80 кг. Валерия Аксенова

2025 жылғы Ливерпульдегі нәтижелерден кейін әйелдер құрамасының бір бөлігі қайта халықаралық аренаға оралады. Тізімде төрт әлем чемпионы бар: Алуа Балқыбекова, Назым Қызайбай, Аида Әбікеева және Наталья Богданова.

Бөлісу