Басты Жаңалықтар «Арсенал» жартылай финалға шықты

«Арсенал» жартылай финалға шықты

«Арсенал» жартылай финалға шықты

Чемпиондар лигасы 1/4 финалының қарымта ойынында «Арсенал» өз алаңында «Спортингті» қабылдап, кездесу 0:0 есебімен аяқталды.

Осылайша, екі матч қорытындысы бойынша «Арсенал» 1:0 есебімен басым түсіп, Чемпиондар лигасының жартылай финалына жолдама алды. Алғашқы кездесудегі жалғыз голды Кай Хаверц 90+1 минутта соққан еді.

Бұл нәтиже лондондық клуб үшін тарихи жетістік болды. «Арсенал» өз тарихында алғаш рет қатарынан екі маусым бойы Чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты.

Айта кетейік, бұған дейін «Арсенал» 2005/06 маусымында финалға дейін жетсе, 2008/09 және 2024/25 маусымдарында жартылай финалда өнер көрсеткен. Ал 2025/26 маусымында команда тағы да үздік төрттікке енді.

Жартылай финалда «Арсенал» мадридтік «Атлетикоға» қарсы ойнайды. Алғашқы кездесу 30 сәуір күні «Мадридтегі» «Метрополитано» стадионында өтеді.

Бөлісу