Ламин Ямаль кешегі жеңілістен соң өз пікірімен бөлісті
«Барымызды салдық, бірақ бұл жеткіліксіз болды. Бұл жолдың бір бөлігі ғана, шыңға жету үшін бізге өрмелеу керек. Оның оңай болмайтынын және ешкімнің бізге жеңілдік жасамайтынын жақсы білеміз.
Бірақ берілу біздің таңдау емес. Қателіктерден сабақ алып, бұдан да мықты болып ораламыз.
Біз «Барселонамыз», және өз орнымызға қайта ораламыз. Ата-анам маған ер адамның сөзі әрқашан қадірлі болуы керек деп үйреткен. Мен айтқан уәдемде тұрамын.»Ал «Атлетико» Чемпиондар Лигасындағы жорығын жалғастырады. Диего Симеоне шәкірттері Мадридтегі «Метрополитано» стадионында өткен ширек финалдың қарымта матчында «Барселонадан» 1:2 есебімен жеңілді.
Алайда екі ойын қорытындысы бойынша «Атлетико» жалпы есепте 3:2 болып алға шығып, жартылай финалға жолдама алды.
Жартылай финалда мадридтік клуб «Арсенал» мен «Спортинг» жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ливерпуль» - «Атлетико»: Тікелей эфир!
09.09.2026, 16:30
«Барселона» - «Фейеноорд»: Тікелей эфир!
09.09.2026, 16:00
Қазақстандық жасөспірімдер триатлоннан әлемдік серияның финалына қатысады
09.09.2026, 13:15
Дэвис кубогі: Қазақстанның Таиландқа қарсы ойнайтын құрамы белгілі болды
09.09.2026, 11:00
«Реал Мадрид» - «Интер»: Тікелей эфир!
08.09.2026, 17:10
«Брюгге» - «Астон Вилла»: Тікелей эфир!
08.09.2026, 17:00
Астанада алғаш рет жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді
08.09.2026, 13:30
Елена Рыбакина US Open турнирінде ширек финалға жолдама алды
08.09.2026, 09:45