«Арсенал» – «Спортинг»: Тікелей эфир!
Алғашқы кездесуде «Спортинг» өз алаңында бірнеше қауіпті мүмкіндік жасап, гол соғуға да жақын болды, бірақ оларды пайдалана алмады. Ал «Арсенал» сапында Кай Хаверцтің соңғы минуттарда соққан голының арқасында 1:0 есебімен жеңіске жетті. Ойынның басты қаһармандарының бірі Давид Райя болды: қақпашы бірнеше рет командасын құтқарып қалды.
Кездесу барысында «Арсенал» аз доп иеленсе де, қорғаныста ұйымшыл ойнап, қарсыластың қысымына төтеп берді. Ал «Спортинг» бірінші таймда бірнеше мәрте айып алаңына жақын аймақта қауіпті шабуылдар ұйымдастырғанымен, нәтижелі соққы жасай алмады. Екінші таймда да ойын қарқыны төмендеген жоқ, екі команда да гол соғуға ұмтылды. Бұл жеңіс «Арсеналға» қос ойын қорытындысы алдында маңызды нәтиже алып келді. Микель Артета шәкірттері келесі кезеңге өту үшін барын салмақ.
Ал Премьер-лигада соңғы матчтарда ұпай жоғалтқан команда бүгін тек жеңісті мақсат етеді. Қарымта матчты бүгін сағат 23:50-де тек Qazsport телеарнасының сайтынан көре аласыздар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы