Басты Жаңалықтар Америкада ойнайтын қазақстандық жас хоккейші үздік бомбардир атанды

Америкада ойнайтын қазақстандық жас хоккейші үздік бомбардир атанды

Америкада ойнайтын қазақстандық жас хоккейші үздік бомбардир атанды

АҚШ-тағы « Pittsburgh Penguins» хоккей  клубының жасөспірімдер сапында ойнайтын шабуылшы Мирас Жұмабай үздік бомбардир атанды. Ол - Американың ең үздік ТОП-10 академиясының бірінде ойнап жүрген тұңғыш қазақ ойыншы.

Маусым барысында отандасымыз 57 ойын өткізіп, 23 шайба соғып, 36 нәтижелі пас берді. Жалпы есебінде 59(23+36) ұпай жинап, командадағыүздік ойыншылардың бірі болды. Сондай-ақ,Мирас Жұмабай«Pittsburgh Penguins Elite 15U AAA» командасымен бірге MID-AM және NE PACK турнирлерінде чемпион атанды.  Сәтті ойындарының нәтижесінде ол келесі маусымға ұсыныс алып, жаңа келісімшартқа қол қойды.

Айта кетейік, ол - «Barys» жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі. Бұған дейін «Barys -2010» командасы сапында өнер көрсетіп, бірнеше мәрте үздік бомбардир әрі мерген атанған.1–5 мамыр аралығында Филадельфияда The World Selects Invitational (WSI) Philadelphia турнирі өтеді.Оның командасына сәттілік тілейміз.


 


Бөлісу