Бүгін хоккейден Қазақстан Ұлттық құрамасы Ресей командасымен кездеседі
Бүгін Мәскеуде өтіп жатқан шайбалы хоккейден Әлем чемпионаты аясында Қазақстанның құрамасы ресейлік командамен кездеседі. Кеше алғашқы мачта қазақстандық спортшылар Швейцария құрамасын буллит сериясында (3:2) жеңген еді.
Енді бүгін Қазақстан құрамасы ресейлік хоккейшілермен кездеседі. Ойын Астана уақыты бойынша сағат 15:15-те басталады. Оны «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Биылғы Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының кестесі тым тығыз. Он күннің ішінде 7 ойын өткізуге тура келеді.
«Дания құрамасымен бірге біз он күнде жеті ойын өткізетін мәскеулік топтағы жалғыз команда. Бұл дегеніміз, чемпионатты екінші күні бастаймыз да, оны бәрінен бұрын – мамырдың 16-сы күні аяқтаймыз. Әрине, элиталық дивизионда ойнайтын командаларға ешқандай жеңілдік жасалмайды. Демек, бізге дайын болу қажет. Алдымызға қойған міндетті орындауымыз шарт», - дейді бас бапкер.
Айта кетейік, өткен жылы А.Назаровтың жетекшілігімен Қазақстанның Ұлттық құрамасы элиталық дивизионға жолдама алған еді.
Мәскеудегі Әлем чемпионаты мамырдың 6-сы мен 22-сі аралығында өтпек. Кестеде қазақстандық хоккейшілердің матчтары Астана уақыты бойынша көрсетілген.
8 мамыр, 15:15 - Қазақстан – Ресей
10 мамыр, 23:15 – Қазақстан – Норвегия
11 мамыр, 23:15 - Швеция – Қазақстан
13 мамыр, 19:15 - Чехия – Қазақстан
14 мамыр, 23:15 - Қазақстан – Латвия
16 мамыр, 23:15 - Дания – Қазақстан.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жағажайдағы Азия ойындары-2026: Қазақстан құрамасының тізімі
20.04.2026, 11:00
Ерлік Сертай Венгриядағы Гран-при турнирінің күміс жүлдегері атанды
20.04.2026, 10:30
Ақмарал Ерекешева Әлем кубогында қола жүлде алды
19.04.2026, 18:20
Елена Рыбакина WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды
19.04.2026, 18:10
Қазақстан құрамасы дзюдодан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
19.04.2026, 14:30
Ансар Ниетқалиев Гуанчжоудағы ITF J60 турнирінің жеңімпазы атанды
19.04.2026, 13:55
Елена Рыбакина теннистен Германиядағы турнирдің финалына шықты
18.04.2026, 21:30
Аруна Жангельдина дзюдодан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
18.04.2026, 14:45