«Барыс» хоккейден Президент Кубогын ұтып алды
Елордалық «Барыс» Астанада өткен ҚР Президенті Кубогының финалында «Адмирал» (Владивосток, Ресей) командасын 3:2 есебімен ұтып, жеңіске жетті.
Матчтың алғашқы минуттарынан бастап «Барыс» басымдықты қолына алып, шабуылды үдетті. Алайда алғашқы кезеңде шайба соғылмады.
Ал, екінші кезеңнің 1-ші минутында Брендон Боченски есеп ашып, алаң иелерін алға шығарды. Осыдан кейін «Адмирал» ойыншысы Максим Мамин есепті теңестірді.
Ойынның 36-шы минутында «барыстық» Евгений Рымарев Талғат Жайлауовтың пасынан кейін есепті 2:1-ге жеткізді. Алайда қонақтар сапынан Константин Макаров шайба соғып, есепті қайта теңестірді.
Кездесудің үшінші кезеңінде командалар қанша тырысқанымен есеп өзгермеді. Осылайша матч овертаймда жалғасты. Шешуші кезеңде «Барыс» ойыншысы Талғат Жайлауов тағы бір нәтижелі пас берді. Шайба авторы - Роман Старченко. Осылайша өте тартысты ойында алаң иелері Президент Кубогында 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Осыған дейін турнирдің қола жүлдесін Ханты-Мансийск қаласының «Югра» командасы ұтып алған еді. Ал, барлық командаларға есе жіберген новокузнецкілік «Металлург» жарыстың 4-ші орнында қалды.
«Барыс» - «Адмирал» 3:2 О.Т (0:0, 2:2, 0:0, 1:0)
Шайбалар:
1:0 - 20:27 Боченски (Даллмэн, Доус)
1:1 - 24:46 Мамин (Яковлев)
2:1 - 35:42 Рымарев (Жайлауов)
2:2 - 36:17 Макаров (Александров)
3:2 - 62:09 Старченко (Жайлауов)
Қақпашылар: Лацо - Бобков.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Манчестер Юнайтед» - «Сабах»: Тікелей эфир!
10.09.2026, 16:30
«ПСВ» - «Шахтар»: Тікелей эфир!
10.09.2026, 16:20
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды
10.09.2026, 08:00
Михаил Шайдоров жаңа маусымдағы алғашқы турнирін Братиславада өткізеді
09.09.2026, 18:40
«Ливерпуль» - «Атлетико»: Тікелей эфир!
09.09.2026, 16:30
«Барселона» - «Фейеноорд»: Тікелей эфир!
09.09.2026, 16:00
Қазақстандық жасөспірімдер триатлоннан әлемдік серияның финалына қатысады
09.09.2026, 13:15
Дэвис кубогі: Қазақстанның Таиландқа қарсы ойнайтын құрамы белгілі болды
09.09.2026, 11:00