Хоккейден Әлем чемпионатында Қазақстан Ұлттық құрамасы Жапония спортшыларын 7:2 есебімен ұтты
Польшаның Краков қаласында хоккейден Әлем чемпионатының бірінші дивизионындағы ойындар жалғасуда.
Қазақстан Ұлттық құрамасы турнирдегі үшінші кездесуін Жапония құрамасына қарсы өткізіп, 7:2 есебімен жеңіске жетті. Шайбалардың авторлары:
1:0 — 02:58 Даллмэн (Руденко, Старченков)
2:0 — 06:48 Полищук (Семенов, Даллмэн)
3:0 — 19:03 Старченко
3:1 — 41:16 Куджи (Танака, Янадори)
4:1 — 42:35 Старченко (Паньшин, Трясунов)
5:1 — 45:06 Руденко (Старченко, Полищук)
6:1 — 48:09 Рымарев (Краснослободцев)
7:1 — 52:52 Полищук (Руденко)
7:2 — 53:51 Танака (Куджи, Нишиваки)
Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан Ұлттық құрамасы Украина хоккейшілерін 5:2 есебімен ұтса, Венгрия құрамасын 5:0 есебімен жеңді. Осылайша Қазақстан хоккейшілері 9 ұпаймен өз тобында бірінші орында тұр.
Қазақстан Ұлттық құрамасының барлық ойынын «KAZsport» телеарнасынан тікелей эфирде көре аласыз. Енді Қазақстан құрамасы екі ойын өткізеді. Қазақстан Ұлттық құрамасының ойындар күнтізбесі:
23 сәуір. 23:50. Қазақстан – Польша
25 сәуір. 20:20. Италия – Қазақстан
Фото: yvision.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Рубен Аморим «Милан» бас бапкері атанады
15.06.2026, 16:00
Кукурелья «Реал Мадрид» ойыншысы атанады
15.06.2026, 11:00
Геннадий Головкиннің есімі ресми түрде Халықаралық бокстың Даңқ залына енді
15.06.2026, 10:15
Швеция Тунистен басым түсті
15.06.2026, 09:00
Футболдан Әлем чемпионаты: Бүгінгі эфир кестесі
14.06.2026, 18:30
Футболдан Әлем чемпионаты: Ертеңгі эфир кестесі
13.06.2026, 18:00
Футболдан Әлем чемпионаты: Бүгінгі эфир кестесі
13.06.2026, 06:00
Ресми: Жозе Моуринью «Реал Мадридке» оралды
12.06.2026, 15:00