Бенди. Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатында қола медаль иеленді
Ресейдің Хабаровск қаласында допты хоккейден ерлер арасында Әлем чемпионатында 3-ші орын үшін ойын аяқталды.
Чемпионаттың қола медальдары үшін Қазақстан Ұлттық құрамасы Финляндия хоккейшілерімен кездесті. Қазақстандық спортшылар Финляндия құрамасын 8:6 есебімен жеңіп, Әлем чемпионатының «қоласын» иеленді.
Ойын өте тартысты басталып, қызықты өтетіні белгілі болды. Бірінші таймның 4-ші минутында Финляндия құрамасының шабуылшысы Сами Лаакконен есеп ашты.
Алексея Никишова шәкірттері есепті теңестіру үшін барын салды. Ойынның 17-ші минутында 12 метр жерден Сергей Почкунов гол соғып, есепті теңестірді. Ал, осыдан кейін Александр Насонов дубль жасап, Қазақстан құрамасын 3:1 есебімен алға шығарды. Бірінші таймда қазақстандықтар тағы үш гол соқса, финляндиялық хоккейшілер үш голмен жауап қайтарды. Осылайша командалар бірінші кезеңді 5:4 есебімен аяқтады.
Тайм-ауттан кейін қазақстандық спортшылар шабуылын үдетіп, Александр Насонов тағы екі гол соғып покер жасады. Ал, ойынның соңы өте тартысты өтіп, финляндиялық хоккейшілер есепті теңестіре алды. Алайда Александр Насонов матчтағы бесінше голын соғып, Қазақстан құрамасын тағы алға жетеледі. Ойынның соңғы минуттарында Сергей Почкунов есепті 8:6-ға жеткізді. Осылайша Қазақстан Ұлттық құрамасы допты хоккейден XXXV Әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленді.
Фото: bandyvm2015.ru
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан құрамасы отырып ойнау волейболынан V Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 14:00
Кирилл Ильюкевич пен Глеб Брусенский V Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 09:05
Пара велоспорт: Қазақстан құрамасы алтын және күміс медаль жеңіп алды
23.10.2026, 09:00
Наиль Ермуханбет пен Руслан Алиев V Пара Азия ойындарының чемпионы атанды
23.10.2026, 09:00
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директоры Мигель Анхель Хиль Маринді қабылдады
22.10.2026, 18:30
Қазақстан құрамасы пара жүзуден күміс жүлдегер атанды
22.10.2026, 17:00
Марат Суртубаев пен Алтынай Ержанқызы V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 14:20
Иван Зелезняк V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 10:05