«Барыстың» бас бапкері Андрей Назаров 6 ойыннан шеттетілді
Бапкер үш бап бойынша: тәртіпсіздік таныту, нәрселерді лақтыру мен төрешілерді қорлау, тәртіпсіз ым-ишараттар көрсеткені үшін жазаға тартылды. Бұл тәртіпсіздігі қайталанса, одан да қатал шара қолданылуы мүмкін.
Андрей Назаров «Адмирал» клубымен болған ойынының соңында матчтан шеттетілді. Бапкер Вячеслав Фетисовты төрешілерге қысым көрсетті деп айыптады. Тәртіпсіз ым-ишараттарды жанкүйерлерге емес, сол кісіге көрсеткенін айтты. Бұл ойында астаналықтар 2:3 есебімен ұтылды. Қазақстандық клубқа 16 минуттық айыппұл тағылды.
«Бұл оқиға жан-жақты қаралған отырыс өтті. Бапкер Назаров 6 ойынға дисквалификацияланды. Соның біреуі міндетті түрде болса, қалған бесеуі 3 бап бойынша», - деді ҚХЛ вице-президенті Дмитрий Курбатов.
«Сонымен қатар, оған 160 мың рубль көлемінде айыппұл салынды. Ол бапкердің жалақысына қарап тағайындалады. Арнайы есеп бар. Бір жылдық жалақы ойын күндеріне бөлініп, дисквалификацияланған мерзімге көбейтіледі», - деді Курбатов.
Естеріңізге сала кетейік, ертең, яғни 18-ші қыркүйек күні «Адмирал» мен «Барыс» арасындағы екінші ойынды «KAZsport» телеарнасы Астана уақытымен 14:30-да тікелей эфирде көрсетеді.
Фото: hcbarys.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан жастар арасындағы Futures Cup турниріне қатысатын қазақстандықтар белгілі болды
06.03.2026, 10:03
Қазақстанда стенд атудан Әлем кубогының кезеңі өтеді
05.03.2026, 11:11
Юлия Путинцева WTA 1000 турнирін жеңіспен бастады
05.03.2026, 10:00
Дзюдо: Аустриядағы Гран-приге баратын қазақстандық спортшылар белгілі болды
04.03.2026, 18:12
Конькимен жүгіруден 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысатын қазақстандықтар белгілі болды
03.03.2026, 15:32
Спорттық гимнастикадан Бакуда өтетін әлем кубогы кезеңіне қатысатын спортшылардың тізімі жарияланды
03.03.2026, 11:21
Қазақстан құрамасы күрес түрлерінен Албанияда өткен турнирді 11 медальмен аяқтады
02.03.2026, 15:03
Астанада семсерлесуден Әлем кубогы өтеді
02.03.2026, 12:35