«Барыс» сырт айдында ЦСКА-ны тізе бүктірді
Елордалық "Барыс" сыр айдында мәскеулік ЦСКА-дан басым түсті. Аталмыш доданың көшбасшылары ойынның фавориті саналғанымен, Скабелка ойыншылары жеңісті жұлып алды.
Алғашқы кезеңде командалар шайба алмасып, екінші кезеңде елордалықтар есепте алға шықты. Шайба авторы - Виделль. Соңғы 20-минуттықта айдын қожайындары есепті теңестіргенімен, Даррен Дицтің голы қонақтарға жеңіс сыйлады.
ЦСКА (Мәскеу, Ресей) — «Барыс» (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) 2:3 (1:1, 0:1, 1:1)
Шайбалар:
1:0 — 12:08 Толчинский (Вей, Марченко).
1:1 — 18:19 Найт (Метальников, Пакаринен).
1:2 — 35:49 Виделль (Найт, Охтамаа).
2:2 — 48:11 Дальбек (Вей, Робинсон).
2:3 — 52:47 Диц (Найт, Виделль).
15 ақпанда «Барыс» елордада «Сочиді» қабылдайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан құрамасы отырып ойнау волейболынан V Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 14:00
Кирилл Ильюкевич пен Глеб Брусенский V Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 09:05
Пара велоспорт: Қазақстан құрамасы алтын және күміс медаль жеңіп алды
23.10.2026, 09:00
Наиль Ермуханбет пен Руслан Алиев V Пара Азия ойындарының чемпионы атанды
23.10.2026, 09:00
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директоры Мигель Анхель Хиль Маринді қабылдады
22.10.2026, 18:30
Қазақстан құрамасы пара жүзуден күміс жүлдегер атанды
22.10.2026, 17:00
Марат Суртубаев пен Алтынай Ержанқызы V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 14:20
Иван Зелезняк V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 10:05