Хоккейден Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде ұтылды
Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатына дайындық барысында Беларусь құрамасымен жолдастық кездесу өткізді. Ойынның негізгі уақыты және овертайм 4:4 есебімен тең аяқталып, матч соңындағы буллиттер сериясында Беларусь құрамасы жеңіске жетті.
Құрама сапынан Никита Михайлис, Антон Сагадеев, Дастан Бойд және Дмитрий Шевченко мергендегімен көзге түсті.
Естеріңізге сала кетейік, елорда төрінде 29 сәуір - 5 мамыр аралығыда шайбалы хоккейден Әлем чемпионатының бірінші дивизионы А тобының ойындары өтеді.
Бұл топта Қазақстан құрамасы Беларусь, Оңтүстік Корея, Литва, Словения және Венгрия құрамаларымен элиталық дивизионға берілетін жолдамаларды сарапқа салады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды
10.09.2026, 08:00
Михаил Шайдоров жаңа маусымдағы алғашқы турнирін Братиславада өткізеді
09.09.2026, 18:40
«Ливерпуль» - «Атлетико»: Тікелей эфир!
09.09.2026, 16:30
«Барселона» - «Фейеноорд»: Тікелей эфир!
09.09.2026, 16:00
Қазақстандық жасөспірімдер триатлоннан әлемдік серияның финалына қатысады
09.09.2026, 13:15
Дэвис кубогі: Қазақстанның Таиландқа қарсы ойнайтын құрамы белгілі болды
09.09.2026, 11:00
«Реал Мадрид» - «Интер»: Тікелей эфир!
08.09.2026, 17:10
«Брюгге» - «Астон Вилла»: Тікелей эфир!
08.09.2026, 17:00