Басты Жаңалықтар Универсиаданың алау жағудағы техникалық даярлығы тексерілді

Универсиаданың алау жағудағы техникалық даярлығы тексерілді

Универсиаданың алау жағудағы техникалық даярлығы тексерілді

Кеше «Алматы Арена» спорт кешенінің алаңында 28-ші Дүниежүзілік Қысқы Универсиаданың От жағу эстафеталық тесті өтті. Шара аясында ұйымдастырушылар алау жағудың техникалық даярлығын тексеріп, Универсиаданың алау құтысын жақты. Сондай-ақ, еліміздің 15 өңірінен ресми тасымалдаушы «Эйр Астана» компаниясы арқылы Алматыға жеткізілетін 15 алауды тасымалдауға арналған арнайы шыны сауытты тестілеуден өткізді.

Эстафеталық тестте Уни­версиада алауын қабылдайтын бүкіл облыс орталықтарының өкілдері бас қосты. 30-дан аса аймақтық менеджер алау сақ­тау­шыларының жұмысына бақылау жүргізді.

Алау сақтаушылар – бұл кү­шейтілген даярлық бағдар­ламасынан өткен 12 адамнан тұратын топ. Оқыту бағдар­ламасында топтың қимыл-қозғалысын барынша көрікті әрі үйлесімді етуге көмектесетін қоюшы-режиссермен жұмыс жасау қарастырылған. Тағы 15 адам Алматыда тура осындай даяр­лықтан өтіп, облыстарда жағы­латын алаумен Алматыға ора­лу үшін эстафета өткізілетін күні аймақтарға бет алатын болады.

Универсиада эстафетасына даярлық тыңғылықты болуы үшін басты оқиғаның бағдар­ламасы бастан-аяқ қойылып шық­ты. Тек алауды жағу кезін­де алғысөз арнайтын облыс әкім­дерінің орнына ойдан шы­ғарылған кейіпкерлер қатысты. Олар сценарий бойынша жағылған алауды ұстап бір шақырымға созылған жолды жүріп өтті.

Эстафеталық тесттің тағы бір маңызды бөлігі еліміздің аймақ­тарында алау көтерушілерді іріктейтін байқаудың аралық қорытындысын шығаруға арналған. Жоғары оқу орнының әрқайсысына өз іріктеуін өзі өткізу мүмкіндігі берілген, олар республикалық комиссияға он үміткердің тізімін ұсынуы тиіс. Сондай-ақ, Универсиада-2017 сайтында қалаған адамның анкетаны толтыру арқылы өзін үміткер ретінде ұсынып, іріктеуден өтуге мүмкіндігі бар.

Эстафеталық тест – Уни­вер­сиаданың бағдарламасындағы аса маңызды әрі ең алғашқы рес­ми шараның басты даярлық жұмысы. Ал, Универсиада ойын­дарының эстафетасы 2017 жыл­дың 25 қаңтарында басталады. Универсиада алауы «Назарбаев университетінде» жағылып, соңынан өзге 15 өңірде тұтанады. Кейін барлық 16 алау бірік­тіріліп, Универсиада Алауы жағылады.

egemen.kz

Бөлісу