Данияр Елеусінов өзі білім алған мектепте дене шынықтырудан ашық сабақ өткізді
Бокстан Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов өзі білім алған Астана қаласындағы №54 мектеп-лицейінде дене шынықтырудан ашық сабақ өткізді, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі.
Данияр Елеусінов үлкен жетістікке жетудегі қадамның алғашқысы осы мектеп қабырғасында басталғандығын тілге тиек етті.
«Дене шынықтыру сабағын жақсы көретінмін. Осы спорт залында жаттыққаным есімде. Жалпы, спорт саласында жетістікке жету үшін дене шынықтыруға бейім болу керек. Соны болашақ чемпиондар, жас жеткіншектер біле жүрсе екен», - деді Олимпиада чемпионы.
«Физкульт-Ура!» әлеуметтік жобасы аясында өткен ашық сабаққа 1996 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы Юрий Мельниченко да қатысып, спортта жинаған тәжірибесімен бөлісті.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыМилад Карими спорттық гимнастикадан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 15:00
Қазақстан құрамасы - Азия ойындарының қола жүлдегерлері
24.09.2026, 08:45
Қазақстан құрамасы - Азия ойындарының күміс жүлдегері
24.09.2026, 08:25
Ушу-саньда: Абдурашид Абдуллаев - Азия ойындарының күміс жүлдегері
24.09.2026, 08:00
Қазақстан құрамасы - Азия ойындарының чемпионы
24.09.2026, 07:15
Артем Саркисян Семсерлесуден жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
23.09.2026, 14:00
Стенд ату: Әсем Орынбай XX жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
23.09.2026, 11:45
Евгений Федоров - XX жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.09.2026, 10:05