Паралимпиадада қазақстандық пауэрлифтерші Қойшыбаева күміс медаль еншіледі
Қазақстандық пауэрлифтерші Раушан Қойшыбаева Рио-де-Жанейродағы Паралимпиада ойындарында күміс жүлдеге ие болды.
Қойшыбаева «күмісті» 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде еншіледі. Оның нәтижесі - 113 келі. Алтын медаль әлемдік рекорд орнатқан қытайлық Тан Юяоға бұйырды (135 келі), қоланы мысырлық Махмуд Амал (108 келі) олжалады.
Айта кетейік, бұл Қазақстанның Паралимпиададағы екінші медалі: «алтынды» 100 метр қашықтыққа еркін жүзуден Зүлфия Ғабидуллина алған еді. Қазақстан медаль жиынтығы жөнінен 35-інші орында.
Дерек көзі: inform.kz
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыМилад Карими спорттық гимнастикадан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 15:00
Қазақстан құрамасы - Азия ойындарының қола жүлдегерлері
24.09.2026, 08:45
Қазақстан құрамасы - Азия ойындарының күміс жүлдегері
24.09.2026, 08:25
Ушу-саньда: Абдурашид Абдуллаев - Азия ойындарының күміс жүлдегері
24.09.2026, 08:00
Қазақстан құрамасы - Азия ойындарының чемпионы
24.09.2026, 07:15
Артем Саркисян Семсерлесуден жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
23.09.2026, 14:00
Стенд ату: Әсем Орынбай XX жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
23.09.2026, 11:45
Евгений Федоров - XX жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.09.2026, 10:05