Бүгін Астанада Олимпиада чемпиондарына құрмет көрсету салтанаты өтеді
Бүгін Астанадағы «Қазақстан» орталық концерт залында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Олимпиада чемпиондарына құрмет көрсету шарасы өтеді. Дәстүр бойынша чемпиондар алдымен кортежбен Астана көшелерімен жүріп өтеді. Содан кейін «Қазақстан» залында өтетін салтанатты шараға қатысады.
Айта кетейік, Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиада ойындарында Қазақстан спортшылары үш алтын, бес күміс, тоғыз қола медальмен елге оралды. Жалпыкомандалық есепте Ұлттық құрама 22-ші орынды иеленіп, медаль саны жағынан рекорд орнатты. Бұған дейін Атлантада - 11, Сиднейде - 7, Афиныда - 8, Пекинде - 13, ал Лондон Олимпиадасында 13 медаль еншілеген болатынбыз. Бұл жолы қоржынға 17 жүлде түсті.
Рио Олимпиадасында спортшыларымыз Нижат Рахимов, Данияр Елеусінов және Дмитрий Баландин «алтын» алса, Жазира Жаппарқұл, Елдос Сметов, Василий Левит, Әділбек Ниязымбетов пен Гюзель Манюрова күміс медальға қол жеткізді.
Қола жүлде алғандардың қатарында Галбадрах Отгонцэцэг, Фархад Харки, Карина Горичева, Александр Зайчиков, Ольга Рыпакова, Эльмира Сыздықова, Екатерина Ларионова, Иван Дычко және Дариға Шәкімова бар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Теннисші Жібек Құламбаева Үндістанда екі титул жеңіп алды
30.03.2026, 12:53
«Qazsport» телеарнасы бокстан Азия чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді
30.03.2026, 12:51
Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінің жартылай финалында жеңіліс тапты
27.03.2026, 10:00
Диас Жиренбаевтың қысқа бағдарламада көрсеткен өнері
26.03.2026, 16:20
Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінде жартылай финалға шықты
26.03.2026, 11:00
Софья Самоделкинаның қысқа бағдарламада көрсеткен өнері
25.03.2026, 19:30
Қазақстан құрамасы Намибияны 2:0 есебімен жеңді
25.03.2026, 19:00
Ақмарал Ерекешева Грекиядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды
23.03.2026, 09:45