Леброн Джеймс ҰБА лигасында жаңа нәтиже ортнатты
«Лос-Анджелес Лейкерс» баскетбол клубының ойыншысы Леброн Джеймс ҰБА (Ұлттық Баскетбол Ассоциациясы) тарихында ең көп ұпай жинаған ойыншы атанды.
«Оклахома Сити Тандер» командасымен болған ойында 38 ұпай жинаған Джеймс, лига тарихында 38390 ұпай жинады.
Айта кетейік, Леброн Джеймс 2003 жылдан бері ҰБА-да ойнайды. Өзінің 20 жылдық спорттық мансабында «Кливленд Кавальерс» (2003-2010, 2014-2018) және «Маями Хит» (2010-2014) командаларында ойнаған. Сондай-ақ Леброн Джеймс өзі ойнаған үш командамен бірге лига чемпионы атанған.
Джеймс «Лос-Анджелес Лейкерс» командасында 2018 жылдан бері ойнайды.
Осыған дейін ең көп ұпай жинаған Карим Абдул-Джаббар (Фердинанд Льюис Алсиндор) болатын. Оның еншісінде 38 387 ұпай бар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Талғат Орынбасар Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері
08.05.2026, 19:00
Grand Slam: Талғат Орынбасар алтын медальға таласады
08.05.2026, 15:15
Еуропа лигасы және Конференция лигасы: финалистер анықталды
08.05.2026, 09:00
ПСЖ Чемпиондар лигасының финалына шықты
07.05.2026, 09:25
Талдықорғанда жүзуден Қазақстан чемпионаты басталды
06.05.2026, 14:46
«Бавария» – «ПСЖ»: Tікелей эфир!
06.05.2026, 13:00
Хоккейден ӘЧ: Қазақстан қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді
06.05.2026, 11:00
«Арсенал» финалға шықты
06.05.2026, 09:00